Бішкекте 5 мың адам тоналған мүліктерді кері қайтарды

Сонымен бірге өткен тәуліктерде милиция тонаушылыққа қатысы бар деген күдікпен 80 адамды ұстады. Олардың 29-ы қылмыстарын мойындады.

Ұсталғандардан 420 мың доллардың тауарлары тәркіленді. "Қазір учаске инспекторлары тонаушылық іздерін айқындау үшін үйлерді аралауда",- деді Н.Жаңғараев.