Р.Майлз Қырғызстанға АҚШ істері бойынша уақытша өкіл ретінде келген, ол республикада Шейла Гуолтниді елші етіп бекіту процедуралары аяқталғанша болмақ.
Акцияға 60 жуық адам қатысты, оны "Русский мир" қоры, Қырғызстан Коммунистік партиясы және "Таза оппозициялық қозғалыс" ұйымдастырып отыр.
Митингіге қатысушылар Р.Майлздің кетуін талап етуде,ол Сербия, Грузия және Украинада жұмыс істеген кезінде ол жерде “түсті революциялар” орын алған болатын.
Жиналғандар "Қырғызстан + Ресей = жарқын болашақ", “Қырғызстан Американың қармағына ілінбейді” іспетті плакаттарды ұстап алған.
Біз Сирия, Ирак және Украинада не болып жатқанын көріп жатырмыз, ол оқиғалардың Қырғызстанда қайталануын қаламаймыз", деді ҚКП көшбасшысы Клара Әжібекова.