Акцияға қатысушылар қолдарына "Ғылымды кезеңмен жоюды тоқтатыңдар", "Қайта ұйымдастыруды құлатумен шатастырмаңдар", "Халықты сыңаржақ реформамен алдамаңдар" деген секілді плакаттар ұстап шыққан.
Қырғызстанның Ұлттық ғылымдар академиясының өкілдері қазіргі кезде наразылық танытушылармен келіссөздер жүргізіліп жатыр деп хабарлады.
Осының алдында Академияның баспасөз қызметі қызметкерлердің 40 пайызы қысқартылды, әлі де оңтайландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр деп мәлімдеген.
Онда ғылыми-зерттеу институтының жасы 70-тен асқан ғалымдары өз еріктерімен жұмыстан кеткендігі айтылған. 4 вице-президент лауазымы қысқартылған. Сонымен бірге 25 ғылыми-зерттеу институтының тоғызы тараған.
Тәуелсіздік жылдарында академияда 4 мыңға тартқа ғылыми қызметкер жұмыс істеген. Қазір олардың саны - 1 мың 940.