Бішкекте ауа райындағы өзгерістердің Орталық Азия су ресурстарына әсер ету мәселесі талқылануда

Кездесу кезінде ауа райының өзгеруі Орталық Азияның су ресурстарына әсер ету мәселесі, бассейндер мен трансшекаралық кооперацияларды басқару, су ресурстарын басқару сияқты мәселелер талқыланады.

Конференция аясында пленарлық сессиялар өткізіліп, онда Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан,Өзбекстан өкілдерінің баяндамалары талқыланады. Сондай-ақ, Ауғанстан, Армения, Әзербайжан, Грузия, Иран және Түркия сияқты елдер дайындаған материалдардың тұсаукесері қарастырылған. Аймақтық кеңес 2009 жылы Стамбулда өтетін V Әлемдік су форумына арналған.