Бішкекте ауылшаруашылығының халықаралық көрме-жәрмеңкесі ашылды

Шараның мақсаты - жергілікті фермерлер мен өнеркәсіп орындары арасында ынтымақтастық орнату, шаруаларға қазіргі заманғы тауарлар мен ауылшаруашылық құралдары туралы ақпараттар беруге саяды. "Интерагро" халықаралық көрме-жәрмеңкесі Қырғызстан Республикасының ауылшаруашылығы және экономикалық даму министрліктерінің бастамасы бойынша жыл сайын өткізіліп келеді.

Көрме-жәрмеңкеге Беларусь, Иран, Үндістан, Қазақстан және Ресей мен алыс-жақын шетелдерден 70-тен астам кәсіпорындар қатысуда. Көрме экспозициялары арасында түрлі тұқым сорттары, егістік материалдар, өсімдіктерді химиялық қорғау құралдары, минералды тыңайтқыштар, ауылшаруашылығы техникасы, мал шаруашылығы мен мал дәрігерлік құрал-жабдықтар, ақпараттық және анықтамалық материалдар бар.
Көрме-жәрмеңке 19-наурызға дейін созылады. Былтырғы жәрмеңке кезінде 4 млн. сомның 32 келісім-шарты жасалды.