Баспасөз қызметінде хабарлағанындай, төтенше оқиға "Светлячок" оқу -тәрбиелік эстетикалық мектебінде орын алды. Мектептен Республикалық жұқпалы аурулар клиникасына медициналық жедел жәрдем көрсету қызметінің көмегімен 10 бала мен оқу мекемесінің бір қызметкері жеткізілді.
Қырғызстан Республикасының Бас прокуратурасы Бішкектің Первомай ауданының ішкі істер бөлімі және прокуратурасымен бірлесе отырып өткізген тексеру нәтижесінде анықталғанындай, улану оқиғасы тамақ дайындаудың санитарлық эпидемиологиялық ережелерінің бұзылуынан туындаған.
Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, Бішкектің прокуратурасы тергеу жұмыстарын жүргізуде. Қырғызстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі хабарлағанындай, көптеген ата -аналар бүгін өз балаларын осы мектепке сабаққа жібермей қалды. Дәрігерлердің тексеру қорытындылары бойынша зардап шеккендерге қауіп жоқ.