Бішкекте депутат Сурабалдиевтің өліміне қатысы бар күдіктілер ұсталды

Ал қаза тапқан депутаттың қызы Эльвира Сурабалдиева қылмысқа шынайы қатысы бар адамдар нақты жазаланады дегенге күмән келтіреді. Бүгін, 14-маусымда Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында ол әкесінің өлімі қылмыстық тайталастың кесірі емес, саяси тапсырыспен жасалған қылмыс екенін мәлімдеді.

Э.Сурабалдиеваның пікірінше, осынау кісі өлтіру оқиғасының артында "ауқымды қаржылық және әкімшілік мүмкіндіктерге ие, аса ықпалды адамдар тұр". Оның атап көрсетуінше, республиканың құқық қорғау мекемелері қылмысқа тапсырыс берушілердің орнына, оны іске асырушыларды ғана іздеп жатыр.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ж.Сурабалдиев 10-маусым күні Бішкек қаласының орталығында кісі қолынан қаза тапқан болатын. Оны белгісіз біреулер автокөліктен жанынан өте беріп атып кеткен. Алдын-ала расталмаған мәліметке сәйкес, қылмыс жасалған автокөлік Бішкектен бірнеше шақырым жерден өртенген күйде табылды.