Бішкекте Экономикалық ынтымақтастық Ұйымының Сыртқы Істер министрлері Кеңесінің отырысы өтеді

Бұл туралы Қырғызстан СІМ-нің баспасөз министрлігі 6-маусымда таратқан хабарламада айтылған.

Отырысқа Әзербайжан, Ауғанстан, Иран, Қазақстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан сыртқы істер министрлері қатысады.
Мәжіліс аясында СІМК Ұйымның іс-қызметі туралы бас хатшының есебін қарап, 2002-жылдың 12-желтоқсанында Стамбулда өткен СІМК-нің 12 отырысынан бері атқарылған жұмыстарды қорытындылайды.
Отырыста Экономикалық ынтымақтастық Ұйымының 2003 және 2004-жылдарға есептелген жұмыс жоспары аясындағы басымдық берілген бағыттар мен өзекті мәселелерге баса назар аударылмақ.
Сондай-ақ, хатшылықтың 2003-жылғы жұмыс бағдарламасы қаралып, Экономикалық ынтымақтастық Ұйымының келісімдері бекітіледі, хатшылықтың бюджеті талқыланып, ұйымға мүше-мемлекеттер мүшелік жарнасын төлейді.
Ауғанстан экономикасын қалпына келтіру туралы мәселе мен Экономикалық ынтымақтастық Ұйымының Ауғанстан экономикасын қалпына келтіруге бағытталған 2003-2008-ші жылғы іс-шаралар жоспарын қабылдау мәселесі СІМК-нің күн тәртібіне жеке блок ретінде енгізілген.
Отырысқа қатысушылар Экономикалық ынтымақтастық Ұйымының жаңа бас хатшысы қызметіне Қазақстан өкілі Бекжасар Нарбаевты , және оның орынбасарлары ретінде Иран, Түркия және Пәкістан өкілдерін бекітеді деп күтілуде.
СІМК отырысының нәтижесінде бірлескен Бішкек Коммюникесі қабылданып, өкілдер жетекшілерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өткізіледі деп жоспарланған.