Шектеу 29-қаңтарда қойылды. Бұл Бішкек қаласының Жылу энергетикалық орталығындағы автотрансформаторларда пайда болған техникалық проблемалармен байланысты іске асырылған.
"Биылғы қыс маусымындағы тұтыну көлемінің ұлғаюы Бішкектің Жылу энергетикалық орталығындағы автотрансформаторларға ұзақ уақыт бойы 31%-ға дейін күштің түсуіне алып келді. Автотрансформаторлардың зақымдалуына алып келуі мүмкін электр орам сымының оқшаулығы соңғы кезде нашарлай бастаған. Біз бұдан да ауыр жағдай туындамас үшін энергожүйенің солтүстік бөлігінде шектеулер енгіздік", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ, "Северэлектр" ААҚ баспасөз қызметінен хабарлағандай, "Қызыл әскер" қосалқы станциясының негізгі кабелінің істен шығуына байланысты астананың батыс бөлігіндегі тұтынушылар электр қуатынсыз қалып отыр. Акционерлік қоғамның кабель қызметі апаттың салдарын жою үстінде. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі уақытта астананың 73 жерасты кабелі зақымдалған.