Бішкекте ЕурАзЭҚ елдері орталық банктері жетекшілерінің мәжілісі өтеді

Қырғызстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, шара барысында ЕурАзЭҚ -қа мүше елдердің орталық банктерінің жұмыс істеу принциптерін талқылау жоспарланған. Сондай-ақ, кеңеске қатысушылар Қоғамдастық мемлекеттері аясындағы вексель айналымы туралы мәселені де зерттемекші.

Кеңес барысында "Қоғамдастық аясында бір мемлекет резиденттерінің өз өкілдіктерінің іс-қызметтерін реттеу үшін екінші мемлекеттің банктерінде есепшоттар ашу тәртібін біріздендіру туралы" келісімнің жобасы да талқыланады.
ЕурАзЭҚ 2000-жылдың қазан айында құрылған. Қоғамдастыққа Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан енеді. Армения, Молдова және Украина Қоғамдастық жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие.