Бішкекте "Еуразия - проблемалар және келешек" атты халықаралық конференция өтеді



Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бас қосуға Әзербайжан, Ауғанстан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия және Солтүстік Кипр Түрік Республикасының парламентшілері қатысады.

Конференция қарсаңында 18-тамызда Қырғызстан Жогорку Кенешінің депутаттары оған келген қонақтармен жүздеседі.

Сондай-ақ, бас қосу барысында екі жақты кездесулер мен Ыстықкөлге сапар ұйымдастырылады.