Бішкекте халықаралық банк конференциясы өтуде

KZ-today тілшісіне конференцияны ұйымдастыру комитетінен хабарлағанындай, бас қосуға Латвия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, АҚШ және Украинадан келген 80-нен астам өкілдер қатысуда.

Шараға қатысушылар Қырғызстандағы инвестициялық ахуал, банк ісіндегі қазіргі заманғы ағымдар, халықаралық төлем жүйелерін дамыту тақырыптарын талқылайды.
Конференцияны Қырғызстан банктерінің қауымдастығы мен Халықаралық валюта ассоциациясы ұйымдастырды.