Caravan Logo

Бішкекте мейрамханада уланғандар саны 232 адамға жетті

Бішкекте мейрамханада уланғандар саны 232 адамға жетті

Бішкектегі мейрамханада жаппай уланғандар саны 232 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бішкектегі Республикалық жұқпалы аурулар ауруханасына бүгіннің өзінде 198 адам, ал өңірлік ауруханаларға 34 науқас жүгінген. Соның 131-і ауруханаға жатқызылды.

Еске сала кетейік, Бішкектегі «Ала-Тоо» мейрамханасында клиенттер тамақтан жаппай уланып қалған болатын.

Оқиғаға байланысты «Ала-Тоо» мейрамханасына 20 мың сом айыппұл салынып, уланудың мән-жайы анықталғанға дейін жабылды. Бұдан бөлек ғимараттың әкімшісіне 5 мың сом айыппұл салынды.

Оқи отырыңыз:

Мұқағали Мақатаевтің келіні атасын "маскүнемге" теңеген Шахановқа ренішін білдірді

Нөлiншi сыныпты латын әлiпбиiмен оқытамыз – Сағадиев