Тілшінінің ақпараты бойынша, бүгін оппозицияның шеруі Бішкектің орталық алаңында емес, парламент ғимаратына қарсы жақта басталды. Онда наразылық танытушылар бірнеше киіз үй тігіп , мінбер орнатып қойған. "Құқық қорғау органдарының қызметкерлері шеру барысын бақылауда, бірақ оған араласып жатқан жоқ",-дейді тілші.
Осыған дейін хабарланғандай, оппозицияның мерзімсіз наразылық шеруі Бішкекте 11 сәуірде басталған. Ұйымдастырушылары - "Қырғызстанның лайықты болашағы үшін" және "Реформалар үшін" бірлескен майданы - президенттің тез арада отставкаға кетуін, президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуді
және конституциялық реформалар өткізуді талап етуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті