Бішкекте Орталық Азия энергетикалық үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырысқа "КЕGОС" АҚ (Қазақстан), "НЭС Қырғызстан Ұлттық электр желілері", ОАХК "Барки Точик" (Тәжікстан), "Өзбекэнерго" МАК және "Энергия"Біріккен диспетчерлік орталығының өкілдері қатысады. Орталық Азия энергетикалық үйлестіру кеңесін ұйымға қатысушы елдер алма-кезек басқарады, қазір бұл функция "Қырғызстанның ұлттық электр желілері" ААҚ-на жүктелген.

Шара барысында Орталық Азия мен Қазақстанның энергетикалық жүйелерінің бір уақытта жұмыс істеуін үйлестіру және аймақтағы отын-энергетикалық ресурстарды кешенді пайдалануды қамтамасыз ету мәселелері талқыланады. Тараптар сонымен қатар аймақтағы энергетикалық жүйелердің 2006/2007 жылғы қыс маусымындағы ең жүктемесі жоғары уақыттағы жұмыс қорытындысын, 2007-жылғы вегетациялық кезеңдегі жұмыс режимдері туралы талқылайды. Кеңестің отырыстары жылына екі мәрте өткізіледі.

22-мамырда Бішкекте Орталық Азия энергетикалық үйлестіру комиссиясының отырысы өтті. Оның жұмысы барысында аймақтағы біріккен энергетикалық жүйенің жұмыс режиміне қатысты мәселелер талқыланып, жұмыс топтары жетекшілерінің есептері тыңдалып, үйлестіру комиссиясының бұдан былайғы жұмыс жоспары келісілді.

Орталық Азия энергетикалық үйлестіру кеңесі Орталық Азияның энергетикалық жүйелірінің параллель жұмыс істеуі мен аймақтағы отын-энергетикалық ресурстарды кешенді пайдалануды қамтамасыз ету үшін құрылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті