Ведомствоның хабарлағанындай, Бішкек гарнизонындағы әскери сот процессі жабық есік артында өтуде. МҰҚК құқық қорғау органдары құрылымдарының бұрынғы төрт қызметкеріне 2007 жылдың маусым айында айып тағылды.
МҰҚК атап өткеніндей, "бұл қылмыстық іс қарсы барлау қызметін жіті жүргізу нәтижесінде қозғалып, берілген барлық ақпарат көлемі анықталғаннан кейін ғана іс сотқа берілді. МҰҚК баспасөз қызметі барлық БАҚ-тан бұл іске қатысты деректерді мұқият тексеріп, республиканың сыртқы саясатында жетекші орын алатын және достық байланыс орнатылған мемлекеттермен араға сызат түірмеу үшін шынайы ақпарат беруге шақырды".
Соңғы жарты жылда бұл отанына опасыздық жасады деген айыпқа қатысты қаралып жатқан екінші іс болып отыр.
Ақпан айының соңында Бішкектің Первомай аудандық сотында Қырғызстанның Жогорку кенешінің баспасөз қызметінің аға кеңесшісі болған Жыпаркүл Арықоваға отанына опасыздық жасады деген айып тағылып, іс қаралды. Алайда, МҰҚК тергеу қапасында сегіз ай отырған әйелге қатысты қылмыстық деректер расталмағандықтан, ол бостандыққа жіберілді. Ал осы іс бойынша айыпталған Қытай кәсіпкері Усек Исмаил 12 жылға бас бостандығынан айрылды.