Бішкекте қатты аязда 15 адам үсіп өлді

Қаңтарда Бішкекте он бес адам үсіп өлді, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Қырғызстанның құқық қорғау органдары мәліметінше, қаза тапқандардың бәрі үйсіз-күйсіз жандар болған.

Қала іші түгел тексеріліп, үйсіз жандар әлеуметтік баспаналарға орналастырылатын болады. Осы айда 239 адам паналаған.


Қазір Қырғызстанда да қатты аяз қаһарына мінді.