Бішкекте қазақ киносының күндері өтеді

Ұйымның түсініктемесіне сәйкес, екі күнге созылатын көрсетілім барысында көрермендер "Лейланың мінажаты" және "Жас аккордеоншының ғұмырнамасы" атты фильмдерді тамашалай алады. Бірінші туындыда ядролық сынақ алаңына таяу орналасқан Семей облысындағы бір ауылдың тұрғындары туралы баяндалса, екіншісінде Қазақстандағы соғыстан кейінгі нәубетшілік оқиғалары суреттеледі.

Қазақ киносының күндерінің ашылуына аталмыш кинотуындылардың режиссері Сатыпалды Нарымбетов қатысады.
Қазақ киносының күндері Швейцарияның даму және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының бір бағдарламасы аясында Қырғызстан кинематографистері одағы мен Бішкектегі бірқатар кинотеатрлардың қолдауымен өткізіліп отыр. Осынау мәдени шараны жүзеге асыруға Қырғызстандағы Қазақстан елшілігі де көмек көрсетті.