Бішкекте Қазақстан мен Қырғызстан бірлескен ферроқорытпа зауытын салу жөніндегі меморандумға қол қойылды

Ә. Жарменовтың форумға қатысушыларға түсіндіруінше, зауыт 250 млн доллардың 200 мың тонна қорытпасын шығара алады. Кәсіпорында 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады. Ә. Жарменовтың айтуынша, зауыт көмір қалдықтарын пайдаланады.

Қырғызстан үкімет басшысы Алмазбек Атамбаевтың абспасөз мәслихатында берген түсініктемесіне сәйкес, кәсіпорынды салу үшін $100 млн қажет.

"Жоба жасау жұмыстары қазір жүргізіліп жатыр, құрылыс биыл басталып, келесі жылдың ортасында аяқталады", - деді премьер-министр.

Оның айтуынша, ферроқорытпа қауыты республиканың оңтүстігінде, Таш-Кумыр қаласында салынады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті