Бішкекте Қырғызстан ІІМ-нің есірткімен күрес басқармасы бастығының орынбасары өлтірілді

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше кешкі сағат 11 шамасында Бішкекте Сүйінбай көшесіндегі №127 үйдің жанында белгісіз біреу автұрақтан үйіне қарай бет алған А.Алиевке қаратып бірнеше мәрте оқ атқан.

Ауруханаға жатқызылған 38 жастағы А. Алиев жарақаттардан қайтыс болды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, милиция полковнигін Макаров тапаншасынан атқан.

Тергеу бұл өлім есірткімен күрес басқармасы бастығының орынбасарының кәсіби қызметіне байланысты деген жорамал жасауда. Жуырда ғана басқарма Тәжікстанның есірткі барондарының елдің оңтүстігіндегі трафигіне тосқауыл қойған арнаулы операцияның бірінші кезеңін жүзеге асырып, 10 килограммнан астам жоғары сапалы героинді айналымнан шығарған болатын.