Бішкекте Қырғызстан парламентінің ғимараты алдында митингіге дайындалуда

Қазір ғимарат алдында 200 адам жиналды. Бірақ олардың саны арта түсуде. Шараны ұйымдастырушы "Реформалар үшін!" оппозициялық қозғалысының жетекшілерінің пікірінше, қала орталығындағы мерзімсіз наразылық шарасына бірнеше мың адам қатысады.

Бішкектегі көптеген дүкендер мен сауда орталықтары жабық тұр. Ел астанасында такси табу тауқыметі пайда болуда. Бірақ қазір қоғамдық көлік қатынап жатыр. Қала тұрғындары азық-түлік тауарларын сатып алуда қиындықтарға тап келуде. "Халықтық" деген атауы бар дүкендер желісі жұмыс істемей тұр. Ал шағын сауда нүктелерінің сөрелері бос. Тұрғындар азық-түліктен қор жасай бастады.

Сонымен бірге бүгін таңертеңнен бері республикадағы ақпараттық сайттар жұмыс істемей қалды. Журналистердің пікірінше, мұндай жайтқа хакерлердің шабуылы себеп. Дәл осындай проблемалар 2005-жылғы 24-25-наурызда, республикада билік алмасқан кезде пайда болған.

Республика өкіметінің күн райы бұзылар деген үміті ақталмады. Бішкекте бүгін күн жылы, аспан ашық.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті