Наразылық шара кеше күндіз Қырғызстанның Жогорку кенеш (парламенті) ғимараты алдында өтті. Оны ұйымдастырған-жастар саясаты Форумы(ЖСФ), "Кел-Кел" жастар ұйымы және басқада қоғамдық қозғалыстар. Республика басшыларының шешіміне ықпал ету үшін мыңдаған адам наразылығын білдірді. Шерушілер қолдарына "Біз қарыз мәселесін өзіміз шешеміз", "ДБ+ХВҚ=кісі өлтіруші-басқыншылар", "HIPC - Қырғызстанды тұншықтырады" деген плакаттар алып шығыпты.
Қатысушылар парламент ғимаратынан ҚР Ұлттық Банк ғимаратына дейін жаяу жүріп барды, одан әрі қарай Қырғызстандағы Дүниежүзі Банкінің кеңсесіне қарай беттеді. Наразылық танытушылар HIPC бағдарламасының символы ретінде қара табыт пен қарақшыны ұстап шыққан. ДБ кеңсесі алдына келіп қарақшыны және барлық плакаттарды табытқа салып өртеп жіберді.
Қырғызстанның HIPC бағдарламасына қосылу қосылмауы осы аптада анықталады.
Сәл ертерек республиканың құқық қорғаушы ұйымдары аталған бағдарламаға қосылуға қарсылықтарын білдірген болатын.
HIPC (Highly Indebted Poor Countries) қарыз жөніндегі бағдарламасы - 1996 жылы Дүниеүзі банкі мен ХВҚ бастамасымен қарызға батқан кедей елдерге көмек ретінде ұсынылған болатын.
Бұл бастама сыртқы қарызға белшеден батқан елдердің қарызын кешендік механизм, яғни халықаралық қаржы институттары (Дүниежүзі банкі мен Халықаралық валюта қоры),және екі жақты несиелеу арқылы жеңілдету боп табылады. Аталған бағдарламаға қатысу несие беруші мен несие алушы үшін ерікті. Он жыл ішінде бұл бағдарламаға 29 ел қосылған.
Қырғызстанның сыртқы қарызы $2,1 млрд. астам. Биыл мемлекеттің қарызына қызмет көрсету үшін республика $50 млн. бөлген, келесі жылы ол үшін $80 млн. қажет.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті