Бішкекте ШЫҰ мемлекеттері басшылары Кеңесінің отырысы басталды

Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдері басшылары Кеңесінің кезекті отырысы жұмада Қырғызстан астанасында өтіп жатыр.


           Саммиттің негізгі тақырыбы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі.
           ШЫҰ елдері басшыларының Сирияға қатысты және басқа да халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылауы ықтимал.Бұл тақырыптар отырыс аясында тар құрамда талқыланбақ.
           Бішкекке саммитке Ұйымға мүше елдердің басшылары түгелдей келді: Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан. Биыл ШЫҰ төрағасы Қырғызстан.
           Бақылаушы елдердің, яғни Ауғанстан, Иран, Моңғолия елдерінің делегацияларын сол елдердің президенттері бастап келген. Үндістан және Пәкістаннан жоғары лауазымды үкіметтік шенеуніктер келген.
           Қырғызстаннан соң ШЫҰ төрағалық 2014 жылы Тәжікстанға өтпек.