Бішкекте ТМД елдерінде орманды сақтау және оны дамыту мәселесіне арналған халықаралық конгресс өтеді

Қырғызстан мемлекеттік орман қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, конгресс өзара ынтымақтастық орнату және нығайту, орман саясатын жүзеге асыру саласында тәжірибе мен білім алмасу мақсатын көздейді.

Шараны Қырғызстан мемлекеттік орман қызметі, Норвегия орман тобы, БҰҰ-ның Бүкіләлемдік азық-түлік ұйымы, орман шаруашылығын қорғау жөніндегі Қырғыз-Швейцар бағдарламасы бірлесе ұйымдастырып отыр.
Конгресске Молдова, Украина, Ресей, Орталық Азия елдері мен халықаралық ұйымдрдың мамандары шақырылған.