Бішкекте ТМД елдеріндегі ғылым және білім проблемаларына арналған халықаралық форум өтеді

Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясынан KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, ТМД елдерінің ғылым академияларының жетекшілері мен жетекші жоғары білім ошақтарының ректорлары, алыс шетелдердің көптеген ғылыми орталықтарының ғалымдары, Азия елдері ғылыми қауымдастықтарының өкілдері, Ғаламдық академияаралық кеңестің өкілдері шараға қатысуға ниет білдірген.

Ресей мен Қазақстаннан ауқымды өкілдер құрамы қатысады деп күтілуде.
Бас қосуға қатысушылар ғылым мен білімге қатысты барлық елдерге ортақ көкейкесті проблемаларды талқылап, алдағы ынтымақтастық жолдарын айқындамақшы.
Шара Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 50 жылдық мерейтойына арналады.