Отырыста алдыңғы отырыста қабылданған шешімдердің орындалу барысы, 2007 жылдың қорытындысы, жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалысы кестесінің жасалу барысы, сондай-ақ, жүк пойыздары мен контейнерлі вагондарды қалыптастыру жоспары, 2008-2009 жылдарға арналған халықаралық қатынастардағы вагондардың жүру тәртібі қаралады.
"Сонымен қатар, 2007 жылғы контейнерлер санағы мен 2008 жылғы вагондарды дайындау қорытындысы шығарылады. Сондай-ақ, Қытайда шығарылған вагондарды сертификаттау мәселесі талқыланады", - деп хабарлады "Тәжік темір жолы" кәсіпорынының халықаралық байланыс бөлімінің бастығы Нематулло Назаров.
Темір жол көлігінің кеңесі 1992 жылы құрылған болатын. Оның басты мақсаты -темір жол көлігінің жұмысын халықаралық деңгейде үйлестіру, ТМД елдері арасындағы көліктік-экономикалық байланыстарды дамыту, қажетті нормативтік құжаттарды жасау. Кеңес отырысына, әдеттегідей, ТМД елдерінің 11 мемлекетінің темір жол басшылары мен кеңестің қауымдасқан мүшелері Болгария мен Латвия елдерінің өкілдері қатысуда.