Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жастар арасындағы шиеленіс 11-маусымда бір танымал кафенің жанында болған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, дау қырғыз және түрік ұлты өкілдерінің арасында болған. Шиеленіс барысында оқ атылды.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқыс оқиға орнына келген кезде оған қатысушылар қашып үлгерген. Ол жерден Макаров тапаншасының 16 гильзасы мен 3 оғы табылды. Сол жерден оқ тесіп өткен екі автокөлік табылды. Бір көліктің алдыңғы әйнегінен, екіншісінің капоты мен жүргізуші жақ әйнегінен оқ өткен. Атыстан зардап шеккендер анықталған жоқ.
Қазір осы дерек бойынша шұғыл іздестіру шаралары жалғасуда. Тергеу мүддесіне сәйкес ұсталғандар туралы ақпарат жарияланбай отыр.
Бұл шиеленістің ұлтаралық сипатта болған-болмағаны әзірге белгісіз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері түсініктеме беруден бас тартуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті