Бішкекте ВИЧ/СПИД проблемасына арналған халықаралық парламенттік конференция өтеді

Шараға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Бас қосуда Орталық Азияда СПИД індетінің таралуы, стратегиялық басымдықтар, міндеттер мен оларды шешу мүмкіндіктері, СПИД-пен күрес шараларын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету саласындағы халықаралық тәжірибе мәселелері талқыланады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті