Бішкекте жарылыс ұйымдастырмақ болған Қазақстан азаматының есімі белгілі болды


Лаңкестік топтардың сапына өткен жерлесіміз осы. Беті бүркемеленген оның  толық аты-жөні  - Лескевич Сергей. 25 жаста. Қырғызстанның Тоқмақ қаласында дүниеге келген. Бірақ Қазақстанға қалай келгені және төлқұжатқа қалай қол жеткізгенін қазіргі таңда еліміздің құзырлы органдары жіті тексеріп жатыр. Отандасымыз «Джихад мұсылман одағы» атты ұйымның мүшесі екен. Ол сыбайластарымен бірге өткен аптада Бішкекте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының басшылары бас қосқан жиында жойқын жарылыс жасамақ болыпты. Бірақ ойлары іске аспай, ұлттық қауіпсіздік комитетінің қолына түскен.