Бішкекте Жеңіс парады 7 мамырда өтетін болды

 Бұл туралы Қырғызстан президентінің кеңесшісі  Фарид Ниязов баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлады КирТАГ.

«Қырғызстанда ҰОС-ғы жеңіске арналған парад 7 мамырда «Ала-Тоо» алаңында өтеді. Осыған дейін оны 9 мамыр өткізуді жоспарлағанбыз. Алайда бұл күні әдетте соғыста қаза тапқан жауынгерлерді еске алуға арналған митинг-реквием өтеді. Бір уақытта екі шараны ұйымдастыру өте қиын», - деді ол.

Айта кетер жайт, 7 мамыр Қырғызстанда жұмыс күні.  


Ұлы Отан соғысына арналған әскери парад Бішкекте бірнеше жылдан бері өткізілген жоқ еді.  Ал соңғы рет ол 2011 жылы болған.