Бішкектегі толқу: Бір адам қаза тапты

Бішкекте болған толқулардың салдарынан бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қақтығыста 590 адам зардап шеккен. Оның 150-і ауруханаға жатқызылса, 13-і жансақтау бөліміне жатқызылды.

Еске салайық, Бішкектің орталығындағы Ала-Тоо алаңында парламенттік сайлау нәтижесіне қарсы болғандар митингіге шықты. 5 қазандағы жағдай бойынша, бірінші орында "Биримдик" партиясы тұр (дауыстар әлі де өңделіп жатыр).

Бүгінде Қырғыз елінде жаппай тәртіпсіздіктер болып жатыр. Митингіге шыққандар
Ақ үйге басып кірді
. Кейін Ақ үйде өрт шыққаны хабарланған.