Бішкектің ауданаралық соты "Камекоға" қарсы шағым бойынша тыңдалымды оның өкілдерінің келмеуіне байланысты кейінге қалдырды

Бішкектің ауданаралық сотының судьясы егер "Центерра голд инк" компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Джеймс Картер келесі жолы да сот процессін елемейтін болса, Қырғызстан заңына сәйкес оған айыппұл салынатынын ескертті. Шағым бойынша тыңдау 15 шілдеге ауыстырылды.