Бішкектің орталығында қылмыс әлемінің атақты серкесінің жиенін атып кетті

Алдын ала берілген ақпараттарға сүйенсек, Коноевқа шабуыл бүгін 11.00 шамасында жасалған. Қылмыс болған жерден Макаров тапаншасы табылды. Оқиғаның куәгерлері Коноевқа дене бітімі мығым екі жас жігіт бірнеше оқ жаудырып, осыдан кейін екеуі екі жаққа қашып кеткендігін хабарлауда. Әзірге расталмаған мәліметтер бойынша, республиканың құқық қорғау органдарының қызметкерлері мергендердің біреуін қолға түсірген.

М. Коноев Қырғызстанның Ұлттық емханасына жеткізілген, онда дәрігерлер оның қайтыс болғандығын тіркеді.

М. Коноев 2004 жылдың мамарындағы милиция полковнигі Чиныбек Әлиевті атып өлтіруге қатысты істе куәгер болып келген. Бүгін М. Коноев бұл істің Жоғарғы сотта қаралуына қатысуға тиіс болатын.

Бұрын хабарлағанымыздай, республикадағы қылмыстың әлемнің атақты серкесі Р. Акматбаевты 2006 жылдың мамарында атып өлтірген болатын. Оны өлтіргендер әлі табылған жоқ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті