Басылымның хабарлауынша, жобаны жүзеге асыруға 1996 - 2007 жылдардың аралығында кем дегенде 97 млн АҚШ доллары жұмсалған. Оның ішінде Қырғызстанның да қаражаты бар. Ал Бішкектің жылу энергоорталығы сол баяғы 12 жыл бұрынғы қалпында тұр. Қала тұрғындары жылу орталығының ешқандай да жетілдірілгенін көрген жоқ. Сондықтан, жылу энергоорталығы жеке қолдарға сатылып жатыр. Бұл, шенеуніктердің айтуынша, оған жаңа дем бере алады.