Биыл 100 базарды жаңғырту жоспарланған

Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

«Қазіргі таңда осы 100 базардың 57-сінде құрылыс жұмыстарын толық аяқталған, ал қалғандарында жұмыстар жартылай орындалған немесе аяқталу кезеңінде», - деді спикер.

Оның айтуынша, Сауда министрлігі 2029 жылға қарау заманауи сауда форматының үлесін 70%-ға жеткізуді көздеп отыр. Қазір бұл көрсеткіш 41%-ды құрайды. Сондай-ақ қолма-қол ақшасыз төлем жүйелерін енгізу, санитарлық нормаларды және өртке қарсы қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Заңнама талаптарына сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңғырту жұмыстарын аяқтамаған базарлардың иелеріне қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Автор: Caravan.kz