Биыл 186 мың түлек мектеппен қоштасады

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің тапсырмасына сәйкес, ТЖ-ға байланысты Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарынан 3,5 мыңнан астам бала аралық және қорытынды емтиханнан босатылады.

Білім алудағы олқылықтардың орнын толтыру үшін су тасқынынан зардап шеккен өңірлерден 832 мың оқушыға арнап "Жазғы мектеп" ұйымдастырылады.

Премьер-министр жазғы демалыс басталмас бұрын балаларды жазғы демалыспен және еңбекке баулуды, ауыл балаларының бос уақытына ерекше назар аударуды тапсырды.

Денсаулық сақтау министрлігі рұқсат құжаты жоқ жазғы сауықтыру ұйымдарының жұмыс істеуіне жол бермеуге тиіс.