Биыл әлем бойынша кәсіби міндетін өтеу барысында 70 шақты журналист көз жұмды

Бұл туралы халықаралық «Журналистерді қорғау комитеті» үкіметтік емес ұйымы мәлімдеді.

Атап айтсақ, 29 журналист Сириядағы қақтығыста, 10 тілші Иракта, алты корреспондент Мысырда көз жұмған.

Қалғандары Бразилия, Колумбия, Үндістан, бангладеш, Пәкістан, Ресей, Филиппин сынды мемлекеттерде жемқорлық, есірткі саудасы сынды күрделі тақырыптарды жазған.