Биыл Алматыда шағын және орта бизнеске 71 млрд теңге бөлінеді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қаржы жалпы 4 мың жобаны, оның ішінде 2 мың жаңа жобаны қолдауға мүмкіндік береді. Бұл туралы Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады.

Бүгінде бұл салада қалад жұмыс істейтіндердің 85%-дан астамы, яғни шамамен 942 мың алматылық еңбек етеді.

Айта кетейік, Алматыда шағын және орта бизнестің экономикаға қосатын үлесін 2024 жылғы 60%-дан 2030 жылға қарай 75%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, 2024 жылы 2,5 мың жаңа жобаны қолдауға бюджеттен 53,1 млрд теңге бөлінген болатын.