Абат Тасымов, «Атырау» ӘКК АҚ Басқарма төрағасы:
- Биыл Атырау әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының қатысуымен 5 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бір жобамыз – фармацевтикалық зауыт құрылысы жобасы. Бройлер бағытындағы құс фабрикасы жобасы және «Алмалы құс» жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасын кеңейту, оның жобалық қуаттылығын екі есе 60 млн данаға дейін өсірейін деп отырмыз және Миялы ауылындағы сервистік дайындау орталығы жобасы.