Биыл БАҚ және мәдениет қызметкерлері президенттік «Болашақ» бағдарламасына қатыса алады

«Бұл стипендияға биыл БАҚ және мәдениет қызметкерлері де қол жеткізе алады», - деді Ғ.Нығыметов.

Сондай-ақ, оның сөзіне қарағанда, ағылшын және қазақ тілін білуге қатысты талаптар күшейтілді. Осылайша ағылшын тілінен  IELTS емтиханында 9 ұпайдың кем дегенде 4,0 жинау қажет.

Сонымен қатар ол өткен жылдан бастап тәуелсіз сарапшылар комиссиясының құрамына мемлекеттік қызметкерлермен бірге ғылыми-академиялық саланың мамандары да енгенін атап өтті.


«Болашақ» ХБО бағдарлама түлектерімен онлайн-алаңда қарым-қатынас орнатуды жүзеге асырып, үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуді жоспарлап отыр.

«Осы мақсатта мен және орталықтың өзге де өкілдері моноқалалар мен облыс орталықтарына барамыз. Сонымен қатар Астана, Алматы және Атырау қалаларында «Болашақ» түлектерінің 4 шағын форумын өткізу көзделген», - деді ХБО басшысы.