Биыл БАҚ-тарда жарық көрген сын тағылған материалдардан кейін ІІБ-нің төрт қызметкері жұмыстан шығарылды - Шпекбаев

"Министрдің тапсырмасы бойынша полицияның іс-қызметіне қатысы бар барлық сыни материалдар бақылауға алынып, ішкі істер органдарының қызметкерлері тарапынан жұмыс бабындағы құзыретін пайдалануға қатысты барлық оқиғалар бойынша қызметтік тексерулер жүргізіледі", - деді А. Шпекбаев.

Оның мәліметінше, биыл түрлі БАҚ-тарда 240 сыни материал жарық көрді, соған сәйкес 4 қызметкер жұмыстан шығарылып, 11 қызметкер лауазымынан босатылып, тағы 129 адам, соның ішінде басқарушылар құрамындағы 31 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.