2016 жылы ҰБТ кезінде «0» балл алған бір түлек болды. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ләззат Бөлебаева мәлім етті, деп хабарлайды Казинформ.
«Биыл ҰБТ кезінде тестілеуден шығарылғандар болды. Жалпы 38 оқиға болды. ҰБТ-ны өткізу ережелеріне сәйкес, нәтижелері жойылған түлектер мектепте қорытынды аттестацияны тапсырады. Қолдарына аттестат емес, сертификат алады. Олар келесі жылы ҰБТ-ға қатысуға құқылы. Нөл балл алған жағдайларға келетін болсақ, биыл ондай бір оқиға тіркелді», - деп атап өтті ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Ұлттық тестілеу орталығының директоры Қали Әбдиевтің айтуынша, ҰБТ кезінде ол оқушы тестілеуді соңына дейін аяқтамастан шығып кеткен.
«Ол өзінің сынағын соңына дейін толтырмай шығып кеткен. Неге олай істеді, біз білмейміз, бірақ ондай факт тіркелген», - деді ол.
Айта кетейік, ағымдағы 121 мың бітірушінің ішінде ҰБТ-ға қатысуға 87 мың түлек өтініш берген. Оның ішінде қазақ тілінде - 83 330, 23 984 бала - орыс тілінде оқығандар. Жалпы ҰБТ ұйымдасқан деңгейде өтті. Биылғы орташа балл - 81,2 балл.