«Астана-Павлодар, Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай және Бейнеу-Шетпе учаскелерінде жұмыстар басталды, сондай-ақ Павлодар-Қалбатау жолының құрылысы жалғасады. Ағымдағы жылы-ақ біз жоғарыда атап өткен барлық жолдарда жұмыстарды бастаймыз», - деді ол.
Сонымен қатар министрдің атап өтуінше, «Орталық-Батыс», «Шетпе-Ақтау» жолдары құрылыс жұмыстарын жүргізуге дайын.
«Жыл қорытындысында біз жоғары аталған үш бағыт бойынша бірқатар учаскелерді пайдалануға беріп, көлік қозғалысын ашуды көздеп отырмыз», - деді А.Жұмағалиев.