Биыл БҰҰ Бас хатшысы зорлықшыл экстремизмнің алдын алу жоспарын ұсынады


Бұл туралы ол Қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік ететін жоғары өкілдердің VI халықаралық кездесуінде айтты. 

«Биыл сәл кейінірек Бас Ассамблеяға зорлықшыл экстремизмнің алдын алу жөніндегі іс-қимыл жоспарын ұсынамын. Ол қатерді жоюға тырысатын жалпы қағидаттар негізінде халықаралық қауымдастықтың бірлігін нығайтуға ықпал ететін болады. Мен барлық әріптестер күш жұмылдыратынына сенемін», - деп атап өтті кіріспе сөзінде БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Юрий Федотов.
Пан Ги Мун трансұлттық террорлық топтың жаңа толқынын қамтитын қауіптен ешбір өңір сақтандырылмағанын атап өтті.