Биыл Эбола безгегі салдарынан бір мыңнан аса адам қаза болды -ДДҰ

  1013 адам қаза болды, делінген сейсенбіде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан таралған баяндамада.

Бұл ДДҰ 8-тамыз күні жария еткен мәліметтерге қарағанда 53 адамға артық.

Сонымен қатар, соңғы деректерге қарағанда, жалпы алғанда бұл вирусты биыл 1 848 адам жұқтырған, бұл алдында берілген дерекке қарағанда 69 артық.

ДДҰ атап өткендей, тарихта Эбола безгегінің ең қатты өршіген түрі осы болып отыр. Ауруды жұқтырғандардың 55-60% қаза болуда. Ауру Сьерра-Леоне, Либерия, Гвинея және Нигерияда өршіген.