Биыл елімізде 24 радиотелевизия стансасы іске қосылады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Телерадио хабарын тарату саласында бірыңғай ақпараттық кеңістік құру аясында спутниктік жəне эфирлік телерадио хабарын тарату қызметін енгізу бойынша біршама іс-шара жүзеге асырылуда. Мəселен, «OTAU TV» тікелей спутниктік хабар тарату қызметі бүкіл Қазақстан аумағын 100 пайыз қамтиды. Бұл қызметте қазіргі кезде 1,4 млн пайдаланушы тіркелген. Оның шамамен 80 пайызы - ауылдық елді мекендер. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында цифрлық эфирлік телехабар таратуға кезең-кезеңімен көшу бойынша жұмыс жүргізілуде. ЦЭТХТ жобасына сəйкес 827 радиотелевизиялық станса салу жəне жаңғырту жоспарлануда», - деп атап өтеді министр.

Оның атап өтуінше, 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 518 РТС пайдалануға берілген. Бұл Қазақстан халқының 89,3 пайызын ЦЭТХТ-мен қамтиды.


«2020 жылдың соңына дейін тағы 24 РТС іске қосылады. Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазіргі уақытта жоспарланған 183 ЦЭТХТ нысанының 118 РТС-і пайдалануға берілді. Жалпы халық саны 1,2 млн адамнан астам 625 елді мекенді қамтыды. ЦЭТХТ енгізілуімен республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтары деңгейінде тұрғындарға 30-ға жуық, ал облыс орталығынан шалғай жатқан елді мекендерде 15-ке дейін телеарна қолжетімді болды», - деді Аида Балаева.