Биыл елімізде 6 түрме жабылады. Бұл туралы Бас прокурор Жақып Асанов ведомствоның алқа жиынында мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Түрме индексі бойынша позиция жыл сайын жақсарып келеді. Бүгінде біз 221 мемлекеттің ішінде 62-орындамыз. Бұл Еуропаның жетекші елдерінің деңгейінде. Жарты жылда сотталғандар саны 2,5 мыңға төмендеген, бүгінде 37 мыңнан аз. Қаражалдағы колония жабық, осы жылы тағы 6 түрме жабылады. Бұл «түрмедегілерді азайту бойынша 10 шара» атты біздің жобамыздың нәтижесі», - дейді Бас прокурор.+
Оның айтуынша, түрмедегі азаптаулар шешілмей отыр. Жыл сайын 600 шағым тіркеледі, оның әрбір алтыншысы расталады. Соңғы 1,5 жылда колонияларда азаптаудан 4 адам көз жұмған. Сондықтан «Азаптаусыз мемлекет» деген жоба бастау алды.