Бұл туралы бүгін Мәдениет министрлігінің 2011 жылғы атқарған жұмыстарына байланысты өтіп жатқан алқа мәжілісінде Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай мәлім етті.
Оның мәліметтеріне қарағанда, осы кезде елімізде 2,5 астам бұқаралық ақпарат құралдары қызмет атқаруда. Олардың 84 пайызы мемлекеттік емес телеарналарда, 16 пайызы мемлекеттік телеарналар. «Ұлттық цифрлық спутник жүйесінің іске қосылуы 2011 жылдың айтарлықтай жетістігіне айналды. Бұл шалғайдағы елді мекендерді қоса алғанда Қазақстанның бүкіл аумағында отандық теледидарды тамашалау мүмкіндігін ашты.
Елімізде сонымен қатар жаңа тақырыптық арналар ашу жұмыстары жүргізілуде. Интернетте БАҚ КZ - агрегатор сайты іске қосылды. Оған 40-қа жуық қазақ тілді газеттер мен журналдардың, 30-ға жуық ақпараттық ресурстардың, 13 телеарна мен 10 радиостанцияның интернет сайттары біріктірілді.