Биыл елімізде бірнеше ірі зауыт іске қосылады

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин экономиканың нақты секторын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, онда Қызылорда облысының инвестициялық дамуы қаралды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Былтыр жалпы құны 1,9 трлн теңгені құрайтын 86 инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі бес жылдық бағдарлама шеңберінде өңірде 411 жаңа жұмыс орнын ашқан 37 млрд теңгеге 21 жоба іске асырылды. Оның ішінде 6 жоба құрылыс материалдарын өндіру бойынша, 10 жоба агроөнеркәсіптік салада, 1 жоба көлік логистикасы саласында, қалғандары сауда және білім беру саласына қатысты. Ірі жобалардың қатарында Қорқыт ата әуежайының жаңа терминалы бар.

2025 жылы Қызылорда облысында мыңға жуық жұмыс орнын құрып, 30,8 млрд теңге өнім шығаруға мүмкіндік беретін 275,3 млрд теңгені құрайтын 24 жобаны іске қосу жоспарлануда. Ірі зауыттардың қатарында қуаты жылына 90 млн дана кірпіш шығару, түйе сүтінен жылына 392 тонна ұнтақ өндіру, жолаушылар вагондарын жөндеу, техникалық қызмет көрсету және салу жөніндегі жобаның бірінші кезеңі, қуаты 240 МВт болатын жаңа ЖЭО құрылысы бар.