Биыл елімізде кімдердің жалақысы 2 есе көбейеді

Биыл Қазақстанда азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттары үшін жалақыны кезең-кезеңімен 20 пайызға көбейту бастамасы тоқтамайды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті.

«Бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшінің жалақысы көбейеді. Жалпы, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есеге ұлғаяды», - деп хабарлайды министрлік.